Қазақ поэзиясының антологиясы (жинақ)
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Қазақ поэзиясының антологиясы» - қазақ ақындарының 1958 ж. Мәскеудегі «Художественная литература» мемлекеттік баспасынан орыс тілінде жарық көрген өлеңдер жинағы.
Құрастырушылар:
Қ. Жармағамбетов, Е. Ысмайыловв, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Кітап Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен Т. Әлімқұловтың «Қазақ халқының өлеңдері» деген мақаласымен ашылған. Онда қазақ поэзиясын өркендетудегі Абайдың ролі ерекше атап өтілген. Абайдың ақындық жаңашылдығы, ғылым-білім, прогресс жолындағы арпалысы, қоғамдық сыны, эстетикалық талғамы жан-жақты сөз болады. Антологияға Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға...» деген өлеңінен бастап, 38 туындысы енгізілген.
Аударғандар:
С. Липкин, М. Тарловский, Д. Бродский, П. Карабан, Вс. Рождественский, М. Петровых, П. Шубан, Л. Шифферс, А. Жовтис, А. Штейнберг, В. Звягинцева, А. Гатов, Л. Өзеров, А. Глоба, В. Державин. Кітап көлемі 25,32 б. т., 10 мың дана болып басылған.[1][2]