From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұраны — 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұраны. Сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған[1].
Қазақстан әнұраны |
---|
1. Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны (1943—1992) |
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (1992—2006) |
3. Менің Қазақстаным (2006 жылдан бастап) |
1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидинің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша, сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақтан» «біз қазаққа» ауыстыруымен шектеледі[2].
Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.
Қайырмасы:
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!
Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына,
Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына,
Одақтас, ұрғандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.
Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел,
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер.
Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске,
Данышпан партия — сүйікті кемеңгер.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.