From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан-Корея қатынастары - Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы арасындағы халықаралық дипломатиялық қатынастары. Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарым-қатынас 1992 жылы орнатқан еді. [1]
Қазақстан |
Корея Республикасы |
1992 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Өзара қарым-қатынастар 2012 жылдың көктем айларында өткен Сеулдегі саммитке дейін әр салада қарқынды дамыды. [2]
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға бес сапармен барды. 1995 жылы мамыр айында Назарбаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық негізгі тірегі қаланды. Н. Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға алғашқы ресми сапары 2003 жылдың күзінде болды.
2004 жылғы қыркүйекте Президент Но Му Хённің Қазақстанға жасаған жауап сапары барысында бейбіт атом энергиясын пайдалануға және байланыс пен ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастыққа қатысты келісімдерге қол қойылды, энергетика және минералдық ресурстар саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум орнатылды.
2006 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Корея Премьер-Министрі Хан Мён Сук Қазақстанға ресми сапар шекті. Оның қорытындысы бойынша 6 құжатқа қол қойылып, мұнайхимиясы және ақпараттық технологиялар саласында екі жұмыс тобы құрылды.
Оңтүстік Кореяның келесі президенті Ли Мёң Бак Қазақстанға 2009 жылы келген болатын. 2014 жылғы 19 маусымда Президент Пак Кын Хе, Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
2019 жылғы 21-23 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді. 2019 жылы 22 сәуірде Елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті орнатудың екі жақты ынтымақтастықтың дамуын қанағаттанғандықпен атап өтті. [3] Осыдан 2020 жылы маусым айының басында Корея Республикасының жаңа елшісі Ку Хонг Сок Қазақстан Республикасы келген. [4]
2008 жылғы 13-15 мамырда Корея Республикасының Премьер-Министрі Хан Сын Судың Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар барысында тараптар бірнеше құжаттарға, оның ішінде «Жамбыл» кенорнын бірлесіп өңдеу бойынша құжаттарға қол қойды, Экономикалық саладағы ынымақтастық жөніндегі Іс-қимылдар жобасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сонымен қатар, сапар кезінде «Қазақстан-Корея: ынтымақтастықтың жаңа келешегі» атты қазақстан-корей бизнес-форумы ұйымдастырылды.
Парламентаралық ынтымақтастықты қосқандағы жоғары деңгейде делегациялар алмасуы белсенді өтуде. ҚР Парламенті палаталарының төрағалары мен Ұлттық Ассамблея спикерлері ұдайы сапар алмасуда. Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің мүше-мемлекеттері басшыларының екінші саммиті барысында Сеул аталған форумның тоыққанды мүшесі мәртебесіне ие болды. 2007 жылы екі жақты сауда айналымы – 843,3 млн. долл., экспорт – 217,4 млн. долл., импорт 625,9 млн. долл. құраған. 2008 жылдың қаңтар-мамыр аралығында бұл көрсеткіш 287,5 млн. долларына жетті (экспорт – 113,8 млн. долл., импорт – 173,7 млн. долл.). Қазақстанның импорт құрамында электроника, машина жасау саласы өнімдері мен құрал-жабдықтар басым.
2007 жылы Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 780,7 млн. доллар инвестиция салған. Жалпы инвестициялардың көлемі - 2,5 млрд. долл. өз кезегінде, Қазақстан Кореяға салған капиталдың сомасы 66,7 млн. долл. құрады. Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 300-ден астам компания тіркелген.
Экономикалық өзара қарым-қатынастың дамуында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясы маңызды рөл атқаруда. Оның соңғы отырысы 2007 жылғы 4-ші мамырда Астанада өтті. 2005 жылы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша екі жақты келіссөздер сәтті аяқталды.
Қазақстан мен Корея арасындағы энергетика және минералды ресурстар саласындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. ҚР-дағы кен орындарын зерттеу бойынша корей Консорциумының құрамына 6 компания кіреді.
2005 жылғы желтоқсанда Каннам университетінде Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық Әл-Фараби атындағы университетімен Қызылорда Мемлекеттік Қорқыт Ата атындағы университетінің қолғабысымен «Қазақстантану» бөлімі ашылды.
Корея Республикасында Қазақстанның 2 мыңнан астам азаматы уақытша тұруда. Олардың көбісі шағын және орта кәсіпорындарда жұмыс істейді. Кореяда қазақстандық 90-ға жуық студент дәріс алуда.
Қазақстанның Сеулдегі Елшілігі 1996 жылы ашылды. Осы жылдың маусымынан бастап Қазақстанның Кореядағы Елшісі Д.Бердәлиев болып табылады.
Оңтүстік Кореяның Алматыдағы Елшілігі 1993 жылы ашылды. Елші Ким Иль Су ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Сенім грамоталарын 2005 жылғы қыркүйекте тапсырды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.