![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fa/Enumerator_in_census_of_Kazakhstan_2021.jpg/640px-Enumerator_in_census_of_Kazakhstan_2021.jpg&w=640&q=50)
Қазақстан халық санағы (2021)
From Wikipedia, the free encyclopedia
2021 жылғы Қазақстан халық санағы — Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі үшінші халық санағы. Санақ екі: дайындық және негізгі кезеңде өткізілді. Біріншісі 2021 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында, екіншісі 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн форматта және халықты аралау 1 қазанда басталды.[2] Аралап жүру 30 қазанда аяқталуы тиіс еді, бірақ 2021 жылдың 8 қарашасына дейін ұзартылған болатын. Санақтың ресми сайтындағы онлайн санақ та 8 қарашаға дейін ұзартылды. 8 қараша сағат 00:00-де «Халық санағы-2021» аясындағы аралап жүру аяқталды; негізгі кезең мен халықты аралаудың нәтижелері бойынша халық санағы 19,6 миллионнан астам респондентті қамтыды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fa/Enumerator_in_census_of_Kazakhstan_2021.jpg/640px-Enumerator_in_census_of_Kazakhstan_2021.jpg)
2021 жылғы Қазақстан халық санағы | |
Жалпы мағлұматы | |
---|---|
Мемлекет | |
өткізілген күні |
Бірінші кезең: 1-30 маусым 2021 |
Жалпы саны |
19 186 015 адам |
Көп тұрғынды облыс |
Алматы облысы:[1] 2 146 576 тұрғын |
Аз тұрғынды облыс |
Солтүстік Қазақстан облысы: 540 786 тұрғын |