Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі — қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган.

Quick Facts Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (ҚР ҚМ), Жалпы мағлұмат ...
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
(ҚР ҚМ)
Thumb
Жалпы мағлұмат
 Қазақстан
Құрылған уақыты 7 мамыр 1992
Оның алдындағы мекеме ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті
Мекемені басқарады Қазақстан Республикасының Үкіметі
Штаб-пәтері 010000, Астана, Достық көшесі, 14 үй
Министр Генерал-полковник Руслан Жақсылықов
Бірінші вице-министр — Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов
Бір мекемеге қарасты орган Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/mod
Close

Тарихы

ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен[1] ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды.

Міндеттері

1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;

2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;

3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.[2]

Министрлік ведомстволары

Министрліктің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қарулы Күштердің Бас штабы.

Қарулы күштер

  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басқармасы

Өңірлік қолбасшылық

  • "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
  • "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
  • "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
  • "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы

Әскери полиция

  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы
  • Абай өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
  • Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
  • Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
  • Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы
  • Тараз өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасы

Қарамағындағы ұйымдар және мемлекеттік мекемелер

  • "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ
  • "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ
  • "Әскери құрылыс" АҚ
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті ‒ Орталық спорт клубы
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты
  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы

Аумақтық бөлімшелері

  • Астана, Алматы, Шымкент қалалық және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттер
  • Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар
  • Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер

Әскери оқу орындары

Министрлер

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.