From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 28 қаңтар 2021 |
Мекемені басқарады | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді |
Штаб-пәтері | Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 |
Төрағасы | генерал-майор Дмитрий Малахов |
Төрағаның бірінші орынбасары | Раисов Ұлан Ермұханұлы |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/afm?lang=kk |
1998 жылы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы департаментi мен Iшкi iстер министрлiгiнiң Экономикалық полиция департаментiнiң базасында Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi құрылды. Комитеттің негізгі міндеттеріне салық төлеуден жалтарғандар мен басқа да экономикалық қылмыстарға қарсы күресті іске асыру жатқызылды.
2001 жылы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитеті және Салық полициясы академиясының мүлкі мен функциялары беріліп, Қаржы полициясы агенттігі құрылды. Агенттікке экономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындау жүктелді.
2003 жылы Қаржы полициясы агенттігіне Ішкі істер министрлігінің экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау және тергеу жөніндегі функциялары беріліп, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (Қаржы полициясы) құрылды.
2014 жылы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі таратылып, оның экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары Қаржы министрлігіне берілді.
Президенттің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығымен Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу салалардағы өкілеттіктері беріліп, Қаржылық мониторинг агенттігі құрылды. Қаржы министрлігінің құрамындағы Қаржы мониторингі комитеті таратылды.[1]
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл салаларында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық деректер базасын жүргізу;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін үйлестіру;
6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
7) Агенттіктің жүргізуіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында және Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер[2].
№ | Аты-жөні | Қызмет еткен кезеңі | Лауазым атауы |
1 | Жанат Қалдыбекұлы Элиманов | 2020 жыл 28 қаңтар — 2021 жыл 28 қаңтар | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы |
2 | Жанат Қалдыбекұлы Элиманов | 2021 жыл 28 қаңтар — 2024 жыл 13 ақпан | Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
3 | Дмитрий Михайлович Малахов | 2024 жылғы 13 ақпаннан бастап | Қаржы мониторинг агенттігінің төрағасы |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.