![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f1/Mazhilis_of_Parliament_of_Kazakhstan%252C_30_December_2020.jpg/640px-Mazhilis_of_Parliament_of_Kazakhstan%252C_30_December_2020.jpg&w=640&q=50)
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 6-сайланым депутаттары
From Wikipedia, the free encyclopedia
2016 жылғы 20 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындылары бойынша VI сайланымдағы Парламент Мәжілісіне үш саяси партияның депутаттары өтті: «Нұр Отан» партиясы (84 депутат) , Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (7 депутат), Қазақстан Коммунистік халық партиясы (7 депутат). 2016 жылғы 21 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясынан (ҚХА) 9 депутат сайланды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f1/Mazhilis_of_Parliament_of_Kazakhstan%2C_30_December_2020.jpg/640px-Mazhilis_of_Parliament_of_Kazakhstan%2C_30_December_2020.jpg)
Қазақстан Республикасы VI сайланым Парламентінің өкілеттігі 2016 жылғы 25 наурыздағы бірінші сессиясының ашылуынан басталып, 2021 жылғы 15 қаңтардағы VII сайланым Парламентінің бірінші сессиясы басталғанға дейін жалғасты.
Бірінші сессияда Мәжіліс Төрағасы болып Бақтықожа Ізмұхамбетов («Нұр Отан»), оның орынбасарлары болып Владимир Божко (ҚХА) мен Гүлмира Исимбаева («Нұр Отан») сайланды. 2016 жылдың маусымында Ізмұхамбетов өз еркімен отставкаға кетті, 22 маусымда Нұрлан Нығматуллин төраға болып сайланды.