From Wikipedia, the free encyclopedia
Бекташ, Хаджи Бекташ Уали Нишапури Хорасани (1209, Нишапур- 1271) — бектешия сопылық бауырластығының негізін қалаушы, түркілер арасынан шыққан діндар ғұлама. Аңыз бойынша, ол Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті (немересі деп те айтылады) саналады.
Ұстазы оған «Рум еліне барасың» деп бата берген. Сондай-ақ Бекташтың ұстаздары ретінде Лұқман Пәренде және Баба Илмас-и Хорасанидың аттары айтылады. Бекташ Ясауи ілімін жалғастырып, Орталық Азия мен Кіші Азияның (Анадолы) рухани байланыстарын нығайтуға үлес қосқан.
Шыңғыс хан империясы кезінде Хорезм, Мауереннахр өлкелерінің тұрғындары мен көшпелі түркі тайпаларының бір бөлігі оңтүстік бағытқа ауа көшкені белгілі. Сол кезде Бекташ Хорасан (Иран) мен Әзірбайжан арқылы Анадолы жеріне қоныс аударады. Мұнда әулие атанып, қарапайым халық арасында зор беделге ие болады. Бекташтың көзқарасы мен өмірбаяны жайында бізге толық жеткен жоқ. Жалпы, Ясауи ілімін қаландария жолын ұстанушылардың және шииттердің кейбір идеяларымен ұштастырған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.