Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (29 желтоқсан 1917, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы - 21 сәуір, 2008, Алматы) - қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961), Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші.

Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева
Thumb
Туған күні

29 желтоқсан 1917 (1917-12-29)

Туған жері

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы

Қайтыс болған күні

21 сәуір 2008 (2008-04-21) (90 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Жанры

Кесіндеме, портрет

Марапаттары

Қазақстан халық суретшісі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961)

Атақ-даңқы

Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші

Close

Өмірбаяны

  • 1943 ж. Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
  • 1949 ж. Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының мода өнері факультетін бітірген.

Шығармашылығы

Thumb
А. Ғалымбаева Бір кесе қымыз 1967 ж.

Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты және нәзік бейнеленген. Суретшінің кез келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады.

Шығырмашыық жұмысын:

  • "Махаббат туралы аңыз" (1954)
  • "Шабандоз қыз" (1955)
  • "Бұл Шұғылада болған еді" (1955) фильмдеріне эскиз жасаудан бастады.

Алғашқы кескіндемелік туыңдылары:

  • "Тоқымашылар" (1951)
  • "Г.Разиеваның портреті" (1952)
  • "Автопортрет" (1956)
  • "Халық таланттары" (1957)
  • "Халық ісмері Б.Бәсенованың портреті" (1958)
  • "Дастарқан" (1959).

20 ғасырдың 60-жылдары "Абай әні" кинофильмі желісіне арналған кескіндемелік шығармалар топтамасын ("Билер соты "Үйлену тойы", "Той", "Айтыс", "Кездесу", т.б.) салды. Сондай-ақ, әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. 60-70-жылдар Ғалымбаева шығармашылығының кемелденген кезеңі болды. Бұл уақытта суретші

  • "Аяққалқан"
  • "Жайлау соқпағы"
  • "Көне көзе"
  • "Қобыз"
  • "Сары алма"
  • "Қызыл апорт", т.б. пейзаждар мен натюрморттар

Қазақ бейнелеу енерінің алтын қорына енген:

  • "Батыр ана" (1966)
  • "Қазақстан әндері" (1962)
  • "Ежелгі керамика" (1966)
  • "Қостанай. Алтын 238 дән пирамидалары" (1971)
  • "Бейбітшілік" триптихи (1975)
  • "Жердің сыйы" (1978)
  • "Береке" (1980), т.б. шығармаларын жазды.

Сәндік-монументтік сарындағы композициядарды салуда Ғалымбаеваның жаңа көркемдік ізденістері төмендегі шығармаларынан айқын байқалады:

  • "Біз заманымызды мақтан етеміз" (1965)
  • "Бір кесе қымыз" (1967; Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1972);

Портрет жанрында:

  • "ұлымның портреті" (1964)
  • "Жазушы Ғарифқызы Мұстафиннің портреті" (1965)
  • "К.Байсейітованың портреті" (1974)
  • "Өнер зерттеуші Г. Сарықұлованың портреті" (1975)
  • "Актриса С.Майқанованың Ш.Уалиханов анасының рөліндегі портреті" (1976)
  • "Актриса Х.Бөкееваның "Абай" спектакліндегі Әйгерім реліндегі портреті" (1976)
  • "Оралдық келін" (1978), т.б. шығармалары отандық суретшілердің осы жанрдағы үздік туындылары қатарынан орын алады.

Суретші шығармаларына тән нәзік лиризм оның 20 ғ-дың 90-жылдарындағы

  • "Қызыл раушан гүлдері"
  • "Шұғынық гүлдер"
  • "Жемістер мен гүлдер" туындыларында айқын байқалады.

"Қазақтың ұлттық киімдері" (1958, 1976) альбомының авторлары. Ол Алматы керкемсурет училищесінде және ҚазПИ-де дәріс оқыды.[1]

Марапаттаулары

  • "Еңбек айырмашылығы үшін" медалі (1959).
  • Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961).
  • Қазақ КСР Халық суретшісі (1967).
  • Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972).
  • Еңбек Қызыл Ту орденімен және "Құрмет Белгісі"орденімен марапатталған.
  • Парасат Ордені (2007).

Дереккөздер

Сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.