Яшлық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Яшлық – вокалды - аспаптық ансамбль. 1974 жылы Ұйғыр музыкалы комедия театрының жанында құрылған. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі М.Ахмадиев болды. Репертуарлық негізін ұйғыр халық әндері, ұйғыр, қазақ композиторларының туындылары құрады. Ансамбль халық әндерін қазіргі музыкадағы жаңашыл ізденістердің дәстүрінде өңдеп, насихаттады. Концерттік бағдарламаларынан ТМД елдері композиторларының әндері де орын алды. “Яшлық” – 6-Бүкілодақтық эстрада артистерінің (1978 жылы, қазіргі Санкт-Петербург), саяси әндердің (1979 жылы, Ереван), 1-Бүкілодақтық социалдық достас елдердің үздік орындаушылар байқауының (1979 жылы, Ялта), 12-Дүниежүзілік жастар мен студенттердің Мәскеу фестивалінің (1985 жылы) дипломанты. Гастрольдік сапармен ТМД елдерінің көптеген қалаларында, сонымен қатар Венгрияда (1979 жылы), Болгарияда (1981 жылы), Румынияда (1984 жылы) болып, өнер көрсеткен. “Яшлық” ансамблі 1994 жылға дейін жұмыс істеді; қазір оның жастар тобы (Д.Ахмадиев, Д.Ахмадиева, Б.Саитов, т.б.) бар. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1980). [1][2]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/34/%D0%90%D0%BD%D1%81%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%BB%D1%8C_%D0%90%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B0_%D0%98%D0%BB%D1%8C%D0%B8%D1%87%D1%91%D0%B2%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_C%D0%94%D0%9A%2C_%D0%91%D0%B5%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%83%D1%81%D1%8C.jpg/220px-%D0%90%D0%BD%D1%81%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%BB%D1%8C_%D0%90%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B4%D0%B0_%D0%98%D0%BB%D1%8C%D0%B8%D1%87%D1%91%D0%B2%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_C%D0%94%D0%9A%2C_%D0%91%D0%B5%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%83%D1%81%D1%8C.jpg)