Ярослав Чермак
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ярослав Чермак(Chermak)(01.08.1830, Прага,-23.04.1878, Париж)- чех кескіндемешісі, график-суретші. 1847-1848 ж Прага Көркемсурет академиясында, кейіннен Антверпен мен Брюссельде оқыды. 1850 жылдары негізінен Парижде тұрды. Чермак гусит соғысын («Асуды қорғаушы гуситтер», 1857, Прага, Ұлттық галереясы), славян халықтарының өмірі мен тұрмысын, бостандық үшін күресін («Словак ана аңыздықта», 1859, Амстердам Мемлекеттік музей; «Жаралы черногориялық»,1873, Загребтегі галерея., 1874 жылғы қнұсқасы, Прага Ұлттық галереясында), сондай-ақ норманд балықшыларының өмір тіршілігін бейнелейтін тарихи картиналардың, портреттердің, пейзаждардың авторы.