![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b6/Amber2.jpg/640px-Amber2.jpg&w=640&q=50)
Янтарь
From Wikipedia, the free encyclopedia
Янтарь (ағылш. Amber, лат. gentaras – ағаш шайыры) – палеоген кезеңінде өскен қылқан жапырақты ағаштардың шайырларынан түзілген органикалық қосылыс түріндегі минерал. Химиялық формуласы: C40H64O4, құрамы (%-бен): С – 79,0; Н – 11,0; О – 10,0 және аздаған күкірт қоспасы бар. Минералдық түрлері: сукцинит, глессит, бокерит, кранцит, стантинит. Минералдық агрегаттары қатпар, тамшы, сталактит түрінде келеді. Түсі сары қызыл, сары, қоңыр, жылтыр, мөлдір, жарықты жақсы өткізеді, аморфты, шытынап сынады. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2 – 2,5, тығыздығы 1,0 – 1,1 г/см3, 1500С-та жұмсарады, 250 – 4000С-та балқиды. Жанғанда хош иіс шығарады. Жақсы өңделеді, электр тогын өте нашар өткізеді, бензол мен күкіртті көміртекте жақсы ериді. Янтарь Балтық теңіз жағалауында, Польшада, Германияда, Данияда, Швецияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та табылған. Ол оқшаулағыштық бұйымдар, Янтарь қышқылы медицина препараттар, сыр, т.б. дайындауға, зергерлік істе қолданылады. [1]
Сілтемелер
- Сукцинит
- Глессит
- Бокерит
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b6/Amber2.jpg/640px-Amber2.jpg)
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |