From Wikipedia, the free encyclopedia
Якопо Тинторетто (1518-1594) - XVI ғасырдың шебері. Тинтореттоның есімі Венециядағы әрбір шіркеумен байланысты.
Тинтореттоның библиялық тақырыптағы кескіндемелеріне, көрерменді картинадағы оқиғаға қатыстырып жіберетіндей, оларға қатты эмоционалды әсер беретін, өзінің жазу мәнерін ойлап тапты.
Оған Тинтореттоның «Қасиетті Георгиидің айдаһарлармен шайқасы» (шамамен 1555- 1558), («Обретения тела Святого Марка» (шамамен 1562)), жұмыстарнан көз жеткізуге болады. Тинторетто үшін картинаны бүге шігесіне дейін жазу тән емес. Тегіс, жатық жазу оның манерасына кереғарлы, өйткені шектен тыс бөлшектерге аса мән беру адамның көңілін сценаның драмалылығынан бұрып жіберер еді.
Суретшінің шығармашылығы тек қайғылы сюжеттермен ғана шектеліп қалмаған, ол қиял әлемінен де көптеген картиналар жазды.
Осындай жұмыстары, «Сусанна мен қарттар», «Қасиетті Георгий» және т.б. Тинтореттоның Венециандық Дож сарайында оған дейін ешкім де жасамаған, өте үлкен «Меркурии және Грациялар», «Миневра мен Марс», «Бахус және Ариадна» картиналары дүниеге келді. Ол образды беруде, картинаның кескіндемелік мәселесіне көп көңіл бөлді.
Тинторетто көптеген аспаптарда ойнаған және музыка жазған, жақсы музыкант та еді. Итальяндық ренессанстың соңғы суретшісі, Тинторетто өнері замандастарының ортасында қатты сүйіспеншілік тудырды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.