Жүсіп немесе Юсуф (араб.: يوسف‎) — ислам пайғамбары, Жақып пайғамбардың ұлы, Құран Кәрімнің кейіпкері. Жүсіп пайғамбардың өмірі Құран Кәрімдегі жүз он бір аяттан тұратын жеке бір сүреде (Юсуф сүресі) баяндалған.

Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Жүсіп
араб.: يوسف
Сурет
Туған күні

Б. з. д. XVII ғасыр

Туған жері

Палестина (Ханаан)

Қайтыс болған күні

Б. з. д. XVI ғасыр

Қайтыс болған жері

Ежелгі Мысыр

Қызметі

Пайғамбар

Әкесі

Жақып

Анасы

Рахиль

Жұбайы

Аснат

Балалары

Манисса, Ефраим

Close

Жүсіп бала кезінде түсінде он бір жұлдыз, күн мен айдың оған сәжде жасағанын көреді. «Сол уақытта Жүсіп (ғ.с.) әкесіне: «Әкетайым, мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім» деді» Жүсіп сүресі 4-аят. Көрген түсін әкесі Жақыпқа (ғ.с.) айтады. Баласына түсін былай жориды: «Міне осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрынғы аталарың Ыбырайым, Ысқақтарға нығметін тамамдағандай саған Яғқуб ұрпағына нығметін толықтастырады.» Юсуф сүресі 6-аят.

Әкесінің Жүсіпты жақын тартуға оның басқа әйелдерінен туған үлкен ұлдарының қызғанышын тудырады. Ағайынды бауырлар Жүсіпты өлтіруге бел буады. Бірақ ақырында мүмкін жолай өткен керуендер тауып, алысқа алып кетер деген оймен оны құдықтың түбіне тастауға келіседі.

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі



Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам Ыдырыс
Нұх Һұд Салық
ИбраһимЛұт
ЫсмайылЫсқақ
ЖақыпЖүсіп
Әйюб
Шұғайб Мұса Һарұн
Зул-Кифл Дәуіт Сүлеймен Ілияс
Әл-Йаса Жүніс
Зәкәрия Жақия
Иса
Мұхаммед

Ал әкелеріне оны қасқыр жеп кеткенін айтады. Баланы Мысырға жол тартқан керуеншілер құдықтан шығарып алады. Мысырға жеткеннен кейін оны перғауын уәзіріне болмашы бағаға сатып жібереді. Жүсіп уәзірдің үйінде ер жетеді, сұлу жігіт болады. Оның сұлулығы әйелдерді таң қалдырады. Оның ішінде уәзірдің әйеліде бар-тын. Уәзірдің әйелі Жүсіпты жаман іске, өзімен болуға шақырады. Әрине, Жүсіптың бұдан сақтанатыны түсінікті. Осы әйелдің қастандығымен Жүсіп түрмеге қамалады. Түрмеде адамдарды Алланың бірлігіне шақырады. Сонымен қатар, екі жас жігіттің көрген түстерін жорып береді. Біреуінің бостандыққа шығатынын, екіншісінің өлімге кесілетінін айтты. Осылай болады да. Жүсіп түрмеде бірнеше жылын өткізеді. Бір күні Перғауын ғажап түс көреді.

Түсінде жеті арық сиыр, жеті семіз сиырды жеп жатады, жеті жасыл, жеті қураған масақ көреді. «Жүсіп: жеті жыл әдеттегінше егін егесіңдер де сонда орғандарыңды бастырмай сабақтарында қойып, бірақ аздап жейтіндеріңді ғана аласыңдар. Тағы бұдан кейін жетті қатты ашаршылық жыл келеді. Бір аздап сақтағандарыңнан басқа бұрыннан сол үшін жинағандарыңды жейсіңдер»

Юсып сүресі 47-48-аяттар

Осылай Жүсіптың түс жору арқылы халық ашаршылықтан аман қалады. Перғауын оны бағалап, оны бүкіл Мысыр қазынасына басшы етеді. Біраз жылдар өтеді. Көрші елдерді аштық жайлайды. Юсып бауырлары осы аштық себебінен көмек сұрауына мәжбүр болады. Бауырларын көргенімен сыр сақтайды. Келесі жолы кіші бауырларын Бинйаминді бірге алып келуді бұйырады. Келесі жолы келгенде айламен Бинйаминді өзінде қалдырады. Әкесіне сүйінші хабар жібереді. Көп ұзамай ата-ана, қателігін мойындап тәубеге келген бауырлары Мысырға көшеді. Дереккөздер Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі Қазақ Ұлттық энциклопедиясы

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.