From Wikipedia, the free encyclopedia
Этюд (ағылш. study, нем. studіe, франц. йtude – оқып үйрену, жаттығу) –
1) бейнелеу өнерінде бір затты меңгеру мақсатымен натурадан орындалатын сурет. Кескіндемелік, мүсіндік, график.
Этюдтер картина немесе мүсін жасауда көмекшілік қызмет атқарады.
2) Музыкада – орындаушы шеберлігін арттыру мақсатында қолданылатын әрі ойынның белгілі бір тех. әдісін пайдалануға негізделген аспаптық пьеса.
М.Клементи, К.Черни, И.Крамердің фортепьяноға, Р.Крейцер мен П.Роденің скрипкаға арналған Этюдтері кеңінен белгілі. Ф.Шопен, Р.Шуман, Ф.Лист, К.А. Дебюсси, А.Г. Рубинштейн, С.В. Рахманинов, А.К. Лядов, А.К. Глазунов, А.С. Аренский, А.Н. Скрябин және С.М. Ляпуновтың фортепьяноға арналған Э-тері аса жоғары бағаланады. 19 ғ-дың ортасынан Этюд жеке шығарма ретінде дами бастады. 3) Театр өнерінде – актерлік өнер техникасын жетілдіріп дамыту мақсатымен жүргізілетін импровизац. сипаттағы жаттығулар. Ол әдетте орындаушыға театр педагогы, болмаса режиссер ұсынған қарапайым немесе күрделі сахналық әрекеттен құралады. Этюдтің жеке не бір топ орындаушыларға да арналуы мүмкін.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.