From Wikipedia, the free encyclopedia
Эрнест Резерфорд (30.8. 1871 жыл, Жаңа Зеландия, Брайтуотер — 19.10.1937 жыл, Ұлыбритания, Кембридж) — ағылшын физигі, радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы. Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1903). Резерфордқа ғылымға сіңірген еңбегі үшін “лорд Нельсон” атағы берілді (1931).
Жаңа Зеландия ун-тін (Крайстчерч) бітірген соң (1894) Англияға ғылыми жұмысын жалғастыру үшін Кавендиш лабораториясына аттанады. Бұл жерде Резерфорд Дж.Дж. Томсонның жетекшілігімен газдағы иондалу процестерін, ал 1896 ж. француз физигі А.Беккерель (1852 — 1908) радиоактивтілікті ашқан соң осы құбылысты зерттеумен айналысты. 1897 ж. Монреаль (Канада), 1907 ж. Кембридж (Англия) ун-ттеріндегі физика кафедраларында жұмыс істеді. 1919 жылдан өмірінің соңына дейін Кембридж ун-тінің профессоры және Кавендиш лаб-ның директоры қызметтерін атқарды. Резерфордтың негізгі ғыл. жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Алғашқы жұмыстарында Резерфорд радиоактивтіліктің корпускул. және эл.-магн. сәуледен тұратынын көрсетті. Корпускул. сәулелерді - және -бөлшектер деп атады. Зерттеулер -бөлшектердің гелий атомының ядросы, -бөлшектердің электрон немесе позитрон екендігін дәлелдеді. Резерфорд 1903 ж. Ф.Соддимен (1877 — 1956) бірге радиоактивтілікті бір атом ядросының басқа атом ядросына айналуымен түсіндіретін теория ұсынып, осы жұмыстары үшін Нобель сыйлығын алды (1908). 1911 жвлв -бөлшектермен жұқа алтын пластинканы атқылап, олардың шағылуын зерттеу арқылы атомның массасы мен оң заряды оның центріне шоғырланғанын анықтады. Осы зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып Резерфорд атом құрылысының Күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынды. Н.Бор осы модель негізінде атом ядросы мен спектрінің теориясын жасады. Резерфорд 1919 ж. азот атомын -бөлшектермен атқылау арқылы оны оттек атомына айналдырып, алғаш рет атом ядросын жасанды түрде түрлендіруге болатынын көрсетті. Бұл тәжірибе кезінде сутек атомының ядролары үлкен жылдамдықпен ұшып шығатыны белгілі болды. Резерфордтың ұсынысымен оларды протон деп атады. 1921 ж. ол бейтарап бөлшектер — нейтронның болу мүмкіндігі жөнінде болжам айтты. Одан кейінгі жұмыстары әр түрлі элементтердің жасанды радиоактивтіліктерін зерттеуге арналды. Резерфорд атақты физиктердің (Г.Мозли, Дж.Чедвик, Дж.Кокрофт, Н.Бор, В.Тейтлер, П.А. Капица, т.б.) үлкен тобын тәрбиелеп шығарды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.