Эпистемология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эпистемология (көне грекше: ἐπιστήμη — «ғылым»[1] және көне грекше: λόγος — «сөз»[1]) немесе гносеология (көне грекше: γνῶσις — «білім»[1] және λόγος — «сөз») немесе таным теориясы— философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс құрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы.[2]. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гипотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.