мультфильм From Wikipedia, the free encyclopedia
«Энканто» (ағылшынша Encanto испан. көз тартарлық) — «Walt Disney Animation Studios» пен «Walt Disney Pictures» студиялары 2021 жылы түсірген компьютерлік-анимациялық музыкалық фэнтези жанрындағы мультфильм. Режиссерлері Байрон Говард пен Джаред Буш, сценариін жазған Чариз Кастро Смит, фильмнің продюсерлері Кларк Спенсер мен Иветт Мерино, әндердің авторы мен фильм сюжетінің со-ауторы Лин-Мануэль Миранда. Мультфильмді дыбыстауға қатысқандар: Стефани Беатрис, Джон Легуизамо, Мария Сесилия Ботеро, Дайан Герреро, Джессика Дарроу, Энджи Сепед пен Уилмер Вальдер. Фильмнің барысы Колумбияның қиял-ғажайып әлемінде орын алады, онда Мирабель Мадригальдың хикаясы айтылады, ол колумбиялық қыз, оның отбасында оның өзінен басқа барлық отбасы мүшелерінің сиқырлы қабілеттері бар. Мадригаль отбасы мүшелерінің сиқырлы қабілеттері жоғалып кетпес үшін, оны қорғау үшін саяхатқа аттанады.
Энканто | |
ағылшын.Encanto | |
Жанры |
мультфильм, музыкалық фильм,фэнтези |
---|---|
Режиссёрлері |
Байрон Ховард Джаред Буш |
Продюсерлері |
Кралк Спенсер, Иветт Мерино |
Сценарийдің авторлары |
Джаред Буш Чариз Кастро Смит Сюжет: Джаред Буш Чариз Кастро Смит Байрон Ховард Джейсон Хэнд Ненси Крус Лин-Мануэль Миранда |
Қоюшы суретшілер |
Лорелей Баве Иэн Гудиң |
Рөлді дыбыстағандар |
Стефани Беатрис Мария Сесилия Ботеро Уилмер Вальдеррама Адасса Дайан Герреро Мауро Кастильо Энджи Сепеда Джессика Дэрроу Рензи Фелис Каролина Гайтан |
Композиторы |
Джермейн Франко |
Студия |
Walt Disney Pictures Walt Disney Animation Studios |
Мемлекет | |
Тілі | |
Ұзақтығы |
99 мин. |
Премьера | |
Бюджеті |
120 млн.$ |
«Энканто» - қазақ тіліне дыбысталып, отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шыққан 38-ші фильм. Фильмнің премьерасы 25 қарашада өтті.[1]
Энканто — керемет көрікті жерде, Колумбия тауларында көзден таса орналасқан сиқырлы үй. Мұнда Мадригал атты таңғажайып отбасы тұрады. Жанұяның әр мүшесі ерекше қасиетке ие, мәселен, бірінің алапат күші бар, екіншісі дәмді тамақ беріп емдей алады, үшіншісі кез келген адам кейпіне кіре алады. Өкінішке қарай, мұндай сиқыр жас Мирабельге бұйырмай қалған. Күндердің бір күні Мирабель отбасына қауіп төніп тұрғанын біледі және жақындарын құтқаратын жалғыз үміт өзі ғана деп ұйғарады.[2]
«Энкантоның» қазақша дубляж режиссеры – Назерке Лесбекқызы.
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.