From Wikipedia, the free encyclopedia
Элизия (лат. elіsіo – ысыру, ығыстыру) – сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбысқа аяқталып, оған тіркесіп айтылатын сөздің, жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы дауысты болған жағдайда қатар тұрған бір дауысты дыбыстың түсіріліп айтылуы. Қазақ тілінде кейде алғашқысы, кейде соңғысы түсіріліп айтылады. Мыс., бара алмады – бар(а) алмады – баралмады, не үшін – не(ү)шін – нешүн. Дауыссыздардан тұратын қосымшалар (-қ, -к, -с, -п) дауысты дыбысқа аяқталған сөзге жалғанғанда Э. жолымен ықшамдалып жасалған. Мыс., тара+ақ – тара-қ, күре+ік – күре-к, т.б. Бірақ қатар келген барлық дауыстылар түсіріле беруі шарт емес. Бір ритмик. топтағы тіркестердің жігіндегі екі дауысты қатар сақталып та айтылады. Мыс., өте ақ, аса алыс, тұра ұмтылды дегенде өте, аса, тұра сөздерінің айтылуы дауыстылардың сақталуына себеп болады. Кейде сөз бен қосымша жігінде дауыстыларды сақтау үшін араларына дауыссыз қыстырма дыбыс қойып айтылады. Мыс., зырылда+ық – зырылдауық дегенде Э. бар да, зырылда+у+ық – зырылдауық дегенде у дауыссызы арқылы а және ы дыбыстары сақталып тұр.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.