From Wikipedia, the free encyclopedia
Элиза Маккардл-Джонсон (ағылш. Eliza McCardle Johnson; 4 қазаң 1810, Телфорд, Теннесси штаты, АҚШ – 15 қаңтар 1876, Гринвилл, Теннесси) - Америка Құрама Штаттарының 17-ші президенті Эндрю Джонсонның әйелі және 1865-1869 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Элиза Маккардл Джонсон Eliza McCardle Johnson | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
15 сәуір 1865 жыл — 4 наурыз 1869 жыл | |||
Ізашары | Мэри Тодд Линкольн | ||
Ізбасары | Джулия Грант | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 4 қазан 1810 Телфорд, Теннесси, АҚШ | ||
Қайтыс болуы | 15 қаңтар 1876 (65 жас) Гринвилл, Теннесси | ||
Әкесі | Джон Маккардл | ||
Анасы | Сара Филипс Маккардл | ||
Жұбайы | Эндрю Джонсон | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Элиза Телфорд, Теннесси штатында 1810 жылы дүниеге келді. Ол етікші Джорн Маккардл және Сара Филипс-Маккардлдардың жалғыз қызы болды. Кішкентай кезінде әкесінің қазасынан кейін, анасы оны Гринвиллде тәрбиеледі. Бірде 1826 жылы қыркүйекте Элиза сыныптастарымен сөйлесіп жатқанда, Эндрю Джонсон және оның отбасысы Гринвиллге көшкенін біледі. Олар бір-біріне бірінші көзқарастан ғашық болады. 1827 жылы 17 мамырда он алты жасар Элиза он сегіз жасар Эндрюге тұрмысқа шығады.
Элиза жақсы білім алғандықтан, ол Эндрюге тігін шеберханасында жұмыс істеп жатқанда, арифметика мен жазумен көмектесетін.
Оларда үш ұл және екі қыз болды:
Күйеуі президент болып сайланған кезде, оған Ақ үйде қосылады. Алайда ол Бірінші ханым ретінде өз міндеттерін жаман хал-жайдың кесірінен орындай алмады. Осының кесірінен Бірінші ханымның функцияларын оның қызы – Марта Джонсон Паттерсон орындады. Элиза Джонсон ашық түрде Бірінші ханым ретінде тек екі рет жарыққа шықты – Гавайи патшалығынан 1866 жылы келген Эмма патшайымын қабылдауда және президенттік 1867 жылы туған күнінде.
Элиза 1876 жылы 15 қаңтарда 65 жасында қайтыс болды. Ол күйеуінен тек алты ай артық өмір сүрді. Эндрю Джонсонның қасында Гринвиллде, Теннесси штатында көмілген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.