From Wikipedia, the free encyclopedia
Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз. Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан. Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады. Конденсатордың екі өткізгішін оның жапсарлары деп атайдың Ол жапсарларды шамасы жағынан тең, таңбалары жағынан қарама–қарсы зарядтпен зарядтайды.Бұл құрал өзіміз көріп жүрген телевизорларда, радиоқабылдағыштарда, магнитофонда және т.б электр құралдарында қолданылады.
1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады[1].
Конденсатор-пассивті электронды компонент. Қарапайым нұсқада дизайн пластиналар тәрізді екі электродтан тұрады (плиталар деп аталады), диэлектрикпен бөлінген, оның қалыңдығы плиталардың өлшемдерімен салыстырғанда аз (суретті қараңыз.). Іс жүзінде қолданылатын конденсаторларда диэлектриктің көптеген қабаттары және көп қабатты электродтар немесе цилиндрге оралған ауыспалы диэлектрик пен электродтардың таспалары немесе дөңгелектелген төрт қабырғасы бар параллелепипед бар (орамға байланысты).
Конденсатордын зарядты жинақтау қабілетін көрсететін физикалық шама. 1.Сыйымдылық.Өлшем бірлігі.Формуласы. 2.Конденсатор түрлері-. 3.Өткізгіштің электр сыйымдылығы әр түрлі факторларға байланысты өзгереді. 4.Әр түрлі конденсатор сыйымдылық формулалары. 5.Конденсаторды тізбектей және параллель жалғау. 6.Қонденсаторларды қолдану-Сайфоллаева Айнелла
Өткізгіштің электрсыйымдылығы мынандай факторларға байланысты өзгереді:
Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды. Конденсаторды схемада мына түрде белгілейміз:
ГОСТ 2.728-74 бойынша белгіленуі | Сипаттамасы |
---|---|
Тұрақты сыйымдылығы бар конденсатор | |
Поляризацияланған конденсатор | |
Айнымалы сыйымдылығы бар конденсатор | |
Варикап |
Сипаттық тағайындалуына қарай конденсаторларды шартты түрде жалпы және арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп бөлуге болады:
Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады. Ол конденсатордың электрзарядын жинақтау қабілетін көрсетеді. Сыйымдылықтың анықтамасы бойынша конденсатордың жапсарларындағы заряд оның жапсарларының арасындағы кернеуге тура пропорционал. Конденсатордың сыйымдылығы әдетте 1 пФ–тан жүздеген мкФ–қа дейін, сонымен бірге сыйымдылығы ондаған Ф–қа дейінгі конденсаторлар да кездеседі. Сонымен қатар конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Capacitors |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.