Эвенкі тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эвенкі тілі, эвенк тілі (өзд. атауы – тұңғыс тілі) – Ресей Федерациясы аумағында Енисей өзенінің оң жағалауынан бастап, Сахалин аралығына дейін шашырай қоныстанған эвенкі халқының тілі. Эвенкі тілінде 35 мыңдай адам сөйлейді (2002). Эвенкі тілінде сөйлеушілер ІХР-дың солтүстік-шығысы мен Моңғолияда да кездеседі. Эвенкі тілі эвен, негидаль тілдерімен қатар Алтай тіл тобы ішіндегі тұңғыс-маньчжур тілдері шоғырының солтүстік тобына жатады. Эвенкі тілінің солтүстік, оңтүстік, шығыс диалектілері өз ішінен бірнеше говорларға бөлінеді. Солтүстік диалектісін кейбір зерттеушілер жеке тілге жатқызады. Жергілікті ерекшелік ха-мен, се-мен, ше-мен сөйлеушілер деп ажыратылады. Әдеби тілі оңтүстік диалектісінің непек (полигусов) говоры негізінде қалыптасқан. Граммататикалық құрылымы жағынан жалғамалы тілдерге жатады. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші аффикстерге бай. Етістіктің есімше, көсемше түрлері мен септік жалғауының күрделі жүйесі қалыптасқан. Лексикасында саха, бурят тілдерінің ықпалы айқын аңғарылады. Қазіргі Эвенкі тілінде, әсіресе, орыс тілінен енген сөздер көп. Жазуы 1931 жылдан латын, 1936 жылдан кириллица негізінде қалыптасқан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.