![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/df/Surat_Al-Ikhlas_-_Magharibi_script.jpg/640px-Surat_Al-Ikhlas_-_Magharibi_script.jpg&w=640&q=50)
Ықылас
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ықылас (араб.: إخلاص, орыс. искренность) — өтірік пен екіжүзділікті тастау[1]. Діни мағынасы: бір істі атқарғанда тек Аллаһқа ғана жақындықты қалау, Оның әміріне бағыну, рия мен атақты ол іске араластырмау[2]. Сонымен қатар Ислам дінінде діннің негізі саналатын куәлік сөздері — «Ықылас сөздері» (араб.: كلمة الإخلاص) деп аталады, себебі бұл сөзбен адам Аллаһтан басқа құлшылық етілетін заттардан бас тартады, тәрк етеді[3]. Ықыластылық, шын көңіл адами қасиеттердің ең маңыздыларының бірі, бірақ шын ниетпен айтылған сөз кейде адамдардың көңіліне жақпауы мүмкін. Бұндай жағдайда сыпайылық пен шыншылдық арасында таңдауға тура келеді.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/df/Surat_Al-Ikhlas_-_Magharibi_script.jpg/320px-Surat_Al-Ikhlas_-_Magharibi_script.jpg)
Құран Кәрімнің 112-ші сүресі «Ықылас» (араб.: سورة الإخلاص) деп аталып, оның ішінде Аллаһтың бірлігі, Оның сипаттары туралы, Оған ешкімнің тең келмейтіні туралы айтылған.