From Wikipedia, the free encyclopedia
Ыстамбұл университеті — Түркияның байырғы жоғары оқу орындарының бірі. 1453 жылы негізі қаланған, 20 ғасырға дейін мұсылман жоғары мектебі болып келді. Түркия республикасы жарияланғаннан кейін зайырлы оқу орны болып қайта құрылды (1927). Унивеситет құрамында (1974) филология, түркология институты, жаратылыстану, экономика, орман шаруашылығы, медицина, химия, инженерлік факльтеттер болды. Университетте 1400 профессор мен оқытушы дәріс оқиды. Бүгіндері унверситет Түркияның ірі білім ордасына айналған. Қазір онда барлық салада мамандар даярланады. 2000-ға жуық оқытушы дәріс оқиды. Оның 878-і ғылым докторлары. Сондай-ақ жоғарыда аталған салалармен қатар құқықтану, география, математика, физика, т.б. ф-ттер ашылған. Университет иелігінде студенттер сарайы, мәдениет және спорт кешені, медицина орталығы, асхана жұмыс істейді. Ыстамбұл унверситетінде “Түркиядағы ғылым”, “Ғылым жетістіктері” атты басылымдар шығады. Университет Оксфорд, Кембридж, Пекин және Токио мемлекеттік университеттерімен байланыс орнатқан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.