Ырғыз Жәрмеңкесі, Ырғыз қ-нда 1870 ж. 19 қарашада ашылған. Жылына екі рет: маусым және қыркүйек айларында өткізіліп тұрды. Ы. ж-не Ресейдің Орынбор, Мәскеу, Нижегород қалаларынан, қазақ даласынан, Бұхарадан ауқатты байлар мен саудагерлер өз тауарларын әкеліп тұрды. Жәрмеңкенің өткізілуіне байланысты уезд аумағында сауда орындарының көбейтілуіне көңіл бөлінді. 1893 ж. 75 жайма дүкен жұмыс істесе, 1904 ж. оның саны 221-ге жетіп, бірнеше тұрақты сауда орындары пайда болды. Жәрмеңкеге Ресейден мақта-мата өнімдері, қант, алтын және күміс ақшалар әкелінді. Айырбас саудасында ортақ құн баламасы ретінде қой қолданылды. 1909 ж. өткізілген жәрмеңкеде жылқының 50 сомға, ірі қара малдың 35 сомға, қойдың 6 сомға, ешкінің 5 сомға, түйенің 50 сомға сатылғаны тіркелген. Сауда айналымының 60 мың сомын жүн, 62 мың сомын ұн, 256 мың сомын маталар, 23 мың сомын Бұхара кілемдері саудасы құраған. Сонымен бірге жергілікті тұрғындар балық пен аң терілерін де саудаға шығарған. 1909 ж. 12 мың пұт балық сатылған. Сол жылы сатылған күзен, сутышқан, борсық, түлкі, жалпы аң терілер құны 34 мың 600 сомға жетті.[1]

Thumb


Пайдаланылған cілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.