![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/e/e8/%25D0%25A8%25D3%25A9%25D0%25BC%25D1%2596%25D1%2588.jpg/640px-%25D0%25A8%25D3%25A9%25D0%25BC%25D1%2596%25D1%2588.jpg&w=640&q=50)
Шөміш (ыдыс)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шөміш — қазаннан ас құятын ыдыс, ожаудың бір түрі. Шұңғыл бөліктен және қолға ұстауға ыңғайлы саптан тұрады. Археологиялық деректерге қарағанда, шөміштің ағаштан жасалған түрлерін Орталық Азия халықтары ерте темір дәуірінде-ақ қолдана бастаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында дастарханның шырайын келтіретін мүлік ретінде ерекше бағаланған. Оны қазақ шеберлері әр түрлі ағаштардан (тораңғы, емен, т.б.) ойып дайындаған.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/e/e8/%D0%A8%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%88.jpg/640px-%D0%A8%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%88.jpg)