From Wikipedia, the free encyclopedia
Шұғынық | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Шұғынық – өзгеше хош иісімен, әдемі де нәзік гүлімен танымал көпжылдық шөптесін өсімдік. Сонымен қатар ірі гүл жаратын, биік бұтақты түрлері де бар. Шұғынық Еуропада, Жерорта теңізінің маңайында және Солтүстік Америкада көптеп өседі. Табиғатта 45-тен аса түрі белгілі. Біздің жердің табиғатында, тау бөктерлерінде шұғынықтың шөптесін түрі жиі ұшырасады. Бірақ кейінгі кездері қатары сиреп бара жатқандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Көгалдандыруда негізінен шетелден әкелінген түрлері егіледі. Көбіне оны топтап отырғызады. Сонымен қатар гүлшоғырын жасауға да қолданады. Шұғынықтың биіктігі 60-80 см шамасында, гүлі ақ, күлгін, қызыл, сары түсті болады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 15-20 күн. Бұл өсімдіктің гүлдеген кезі де, гүлі түскеннен кейінгі келбеті де өте тартымды көрінеді. Шұғынық құнарсыз, сазды топырақта өсе алмайды. Гүлінің көлемі ірі болатындықтан, сабақтарын тіреуге байлап қойған жөн.
Құнарлы топырақты, күн көзін ұнатады. Мүмкіндігінше жел өтіне екпеген жөн. Молынан суғару керек. Бірақ тамырында су тосылып қалмауын қадағалаңыз.
Тамыз айында тамыр сабағын бөлу арқылы көбейту ең оңай жолы болып табылады.
Шұғынықтың сырт көркі
Раушанға келеді.
Өседі ол тауларда,
Бақшада да өнеді.
Бұтақты да түрі бар,
Шөптесіні бар тағы.
Иісімен, көркімен
Қызықтырар баршаны.
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.