![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a3/Orange-headed_Thrush_%2528Zoothera_citrina%2529_at_Narenderpur_near_Kolkata_I_IMG_7658.jpg/640px-Orange-headed_Thrush_%2528Zoothera_citrina%2529_at_Narenderpur_near_Kolkata_I_IMG_7658.jpg&w=640&q=50)
Шұбар сайрақтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шұбар сайрақтар (лат. Zoothera) – Қазақстан фаунасындағы торғайтәріздестер отрядының сайрақ тұқымдастарға жататын 13 туысының бірі. Шұбар сайрақтар туыстылар – бұғыншықты жерде өмір сүретін , шұбар реңді ірі денелі ( 150-200 г) құстар. Бірқатар түрлері көбінесе түнде және іңір қараңғысында белсенділік жасайды. Қанатының ұшы дөңгелек. Далалық белгісінің сипаты – желпуіш қауырсындыларының түбі - ақ, бұл ұшып жүргенде жақсы көрінетін ірі ақ теңбіл түзеді. Тропиктік сайрақтардың шағын тобы. Қоңыжай ендіктерге бір түрі ғана жете алады , сол түрі Қазақстанда да кездеседі.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a3/Orange-headed_Thrush_%28Zoothera_citrina%29_at_Narenderpur_near_Kolkata_I_IMG_7658.jpg/640px-Orange-headed_Thrush_%28Zoothera_citrina%29_at_Narenderpur_near_Kolkata_I_IMG_7658.jpg)