From Wikipedia, the free encyclopedia
Шұбар күзен (лат. Vormela peregusna) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Шұбар күзен | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Vormela peregusna (Иоганн Антон Гюльденштедт, 1770) | ||||||||||||||||
Ареал
|
Дене тұрқы — 27—35 см, құйрығы 11—20 см. Түсі шұбар, қара сары дақты. Басы, төсі, бауыры, жауырыны, аяқтары қара қоңыр. Тұмсығы қысқа, құлағы үлкен дөңгелектеу. Қазақстанның оңтүстігінде таралған. Дала, шөл, шөлейт аймақтарды мекендейді. Әр түрлі індет тарататын кемірушілермен, құстармен, олардың жұмыртқасымен қоректенеді. Тамыз—қыркүйекте ұйығып, 5 ай көтеріп, ақпан—наурызда 3—8 күшік туады. Кейінгі кезде тың жерлерді жыртып және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды көп қолданғандықтан Шұбар күзен азайып кетегі, сол себепті қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).[1]
Шұбар күзеннің биологиясы аз зерттелген. Кемірушілермен қоректеніп, пайда келтіреді. Саршұнак, сұр тышқан, құм тышқан молырақ кездесетін шөл және шөлейт өңірлерде тараған. Облыс жерінде Қаркаралы , Нұра (Шошқакөл алабы) ауданында кездеседі.[2]
III-ші санат. Ареалы мен саны азая түсуде. Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей Қызыл кітаптарына енгізілген.
Дүниежүзілік және Қазақстан фауналарындағы туыстың жалғыз өкілі.
Түрдің таралуы Оңтүстік-Батыс Еуропа, жарым-жартылап Алдыңғы, Орта және Орталық Азия қалетиды, Қазақстанда шұбар күзен, негізінен оның Оңтүстік жартысын – Маңғышлақ, Үстірт, Аралбойы, Қызылқұм, Арысқұм, Мойынқұм, Тауқұм, Бетпақдаланың оңтүстігі, Оңтүстік Балқаш бойы, Іле және Сүреті ойпаттары, Іле мен Жоңғар Алатауларының етектері, Алтай, Алакөл мен Зайсан ойпаттары. Еділ-Жайық өзендері аралығында, Орталық Қазақстанда және Алтай балаларында жойылып кетті.
Сарышұнақтары, құмтышқандары және басқа да кеміргіштері көп шөлейтті және шөлді участкелер. Бұталар өскен, құмдарды мекендеуді ұнатады. Өзендер бойында тоғайлардың шет жағында, бұталы далада мекендейді. Тауда далалық белдеуде теңіз деңгейінен 3000 м-ге дейін көтеріледі.
1959 жылы Сарыесік атырау шөлінде 0.8-1.2 км² көлемді участкілерде бірден шұбар күзен саналды, яғни оның саны айтарлықтай жоғары болды. XX ғ. 70-шы жылдарында Мойынқұм мен Оңтүстік Балтық жағалауында 10 шақырым қашықтықта оның 1-3 іздері байқалды. Қызылқұм шөлінде бірқатар жерде шұбар күзен едәуір. Оның таралуының басқа қоныстарында ол сирек кездеседі.
Шұбар күзенінің санының азаюы жерді жыртумен, кеміргіштерге қарсы, әсіресе, үлкен құмтышқанымен, күресу үшін химиялық препараттарды қолдану мен байлатысты.
Шұбар күзен бір жерде тұрақты өмір сүреді. Көбіне жатақ ретінде құмтышқаны мен сарышұнақтар інін пайдаланады. Кеміргіштермен, әсіресе, құмтышқандары және сарышұнақтармен, қоректенеді. Көбіне түнде, кейде таңертеңгілік жемін іздейді. Күйлеуі – тамыз-қыркүйек айларында. Буаз болуы үзіліс кезеңмен өтеді. Ақпан-наурыз айларынында 3 жас күзен дүниеге келеді.
Мәлімет жоқ.
Үстірт, Алматы және Алакөл қорықтарында және бірқатар ұлттық парктер мен қорықшаларда қорғалады.
Мекендерін сақтау, ерекше қорғалатын территориялар ұйымдастыру.
Түрдің аз зерттелгенін ескере отырып, оның экологиясын табиғат жағдайында және қолда өсіру кезінде зерттеу керек.[3]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Vormela peregusna |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.