Шымшуыр
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шымшуыр(фр. pincette) - қысқыш.
Операцияда, тіс емдеуде, протез салуда керекті ұсақ, (ине, бор, пульпэкстратор сияқты) заттарды қысып ұстауға арналған аспап. Шымшуыр - әр түрлі заттарды қысып ұстауға арналған құрал. [1]
Ұсталар ұстайтын шымшуырдың негізгі бөліктері - басы, білігі, сабы. Оның басы жалпақ темірді қысып ұстауға қолайлы етіп жасалады. Басы мен сабына орнатылған білік (темір) шымшуырдың ашылып жабылуын қамтамасыз етеді. Оттан шоқ алуға арналған шымшуыр жұқа темірден жасалады. Ұзын темірді дәл ортасынан иіп бүктеп, иінге жақын жерінен сақина кигізеді. Ол серпінді темірді жазылып кетпейтіндей етіп ұстап тұрады. Шымшуырды іліп қою үшін оның бүгілген жеріне темір шығыршық өткізеді. Зергердің шағын шымшуыры- ұсақ металл түйіршіктерін, т.б. заттарды қысып ұстауға қолайлы, темірден соғылған серпімді аспап. Дәнекерлеген кезде зергерлер шымшуырмен жіңішке металл сымды иіп, бүршікті қажет орнына орналастырады.Шымшуырмен тарыдан да ұсақ металл түйірлерін оп-оңай қысып ұстауға болады. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.