From Wikipedia, the free encyclopedia
Шоғырлы – Шу-Іле тауларының қиыр солтүстік-батысындағы үстіртті массив. Мойынқұм ауданының жерінде орналасқан. Үстірт солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 27–32 шақырымға созылып жатыр, ені 10–12 шақырым. Теңіз деңгейінен 450–570 метр биіктікте. Кембрийге дейінгі және палеозой эрасының эффузиялық шөгінді жыныстарынан түзілген. Беткейлері сай-жыралармен тілімденген; етегінде ысырынды малта тастар көп. Етегінде қиыршық тасты сұр, сұрғылт-сортаңды топырағы қалыптасқан. Онда жусанның бірнеше түрлері, бұйырғын, жыңғыл, күйреуік, баялыш өседі.[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.