өзендегі, арнадағы не порттағы кемені суының деңгейі одан жоғары не төмен келесі басқа арнаға ауыстыруға арналған гидротех From Wikipedia, the free encyclopedia
Шлюз– өзендегі, арнадағы не порттағы кемені суының деңгейі одан жоғары не төмен келесі басқа арнаға ауыстыруға арналған гидротех. құрылғы. Ол бойлық қабырғалар мен қақпалардан құралған камера түрінде болады.
Шлюз (ағылш. Gateway) — үйлеспейтін қолданбалы бағдарламалар немесе желілер арасында деректерді қайта жіберетін есептеу желісі (ақпараттық және бағдарламалық құрал-жабдықтар жиынтығы). Типтік шлюз дестелерді бөлшектеу (жинақтау) және хаттамаларды түрлендіру құрал-жабдықтарын қосады. Деректер тарату алдында деректерді жаңа желі (немесе қолданбалы бағдарлама) үшін ынғайлы етіп қайта тиімдейді. Шлюз екі әр текті желілерді, мысалы, DEC net және Internet-ті қоса алады, сондайақ ол екі үйлеспейтін қолданбалы бағдарламалардың бір желіде (бұл хабарлау пішіндері өр түрлі электрондық пошта жүйелері болуы мүмкін) өзара әрекет етуіне мүмкіңдік бере алады. Бұл термин "бағыттағыш" мағынасында жиі пайдаланылады, бірақ бұлай пайдалану дұрыс емес. Дегенмен "шлюз" терминін қосымшалардың шлюздері деп, ал желіаралық шлюздерді бағыттағыштар деп атауга көбірек ден қояды. Шлюздерде OS1 моделінің жеті деңгейінің (желілік, тасымалдаушылық, сеанстық, деректер ұсыну деңгейі және қолданбалы) барлығы да қолданылады және хаттамаларды қолданбалы деңгейде түрлендіру жүзеге асады. Көбіне "шлюз" ұғымы байланыс станциясы абоненттерінің деректер таратудың сыртқы желісіне қол жеткізуін қамтамасыз ететін желінің (мысалы, төңіректік желінің) арнайы торабы деп түсіндіріледі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.