Шаһиншаһ немесе шаһаншаһ (парсы: شاهنشاه‎ ‎, «патшалардың патшасы» мағынасын береді) — ежелгі парсы (Ахемен әулеті мидиялықтардан алған), одан кейін ирандық патшалардың атағы.

Иранның соңғы шаһиншаһы — Мұхаммед Реза Пехлеви

Бұл атақ алғашқы рет Иранды билеп отырған Сасани әулетімен қабылданған, бірақ ол Ахемен әулетінің кезеңіндегі атақ «xšāyaθiya xšāyaθiyānām»-дан бастау алған. Сондықтан бірінші шаһиншаһ деп Ұлы Кирді атайды. Бұл атақ үзілістермен 2500 жыл бойы қолданыста болған. Соңғы шаһиншаһ Мұхаммед Реза Пехлеви 1979 жылы болған Иран ислам революциясының кезінде тақтан тайдырылды. Оның ұлы Реза Кир Пехлеви иран монархисттерімен заңды шаһиншаһ саналады.

Шаһиншаһқа ұқсас «Basileos Basileon» атағын Византиялық император Ираклий Сасанилерді жеңгеннен кейін алған.

Ахеменилерден кейін шаһиншаһ атағын алған әулеттер

More information Әулет, Мемлекет ...
Әулет Мемлекет Билік жылдары
Сасани әулеті Эраншахр 226—651
Бағратилер әулеті Ания патшалығы (Армения) 921—1045
Буилер әулеті Ирак пен Иран 978—1055
Селжұқ әулеті Ирак пен Иран 1037—1152
Сефеви әулеті Иран 1501—1794
Хотаки әулеті Иран 1722—1729
Афшари әулеті Иран 1736—1795
Зендтер Иран 1782—1794
Қажарлар әулеті Ұлық Иран мемлекеті 1796—1925[1]
Пехлеви әулеті Иран Шаһаншаһ мемлекеті 1925—1979
Close

Дереккөздер

  1. 1943 жылға дейін таласты

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.