From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Infobox religious building
Ислам Пайғамбары ұрпақтарының бірі Шахчерағ ( парсы: شاه چراغ - Шахтың шырағы) деген атпен әйгілі хазірет Ахмад ибн Мұсаның кесенесі Шираз қаласының ең маңызды да ең үлкен зиярат ететін орны болып табылады. Шахчерағ - Пайғамбар әулетіне ғашық адамдардың баратын орны. Ол Шираз қаласының төрінде сақинаның көзіндей жарқырайды. Ахмад ибн Мұса х.қ.ж.с.б. 2 ғасырда Аббасидтер халифі Мамунның бұйрығы бойынша, өзінің көптеген туған-туысқандарымен бірге Мамун үкіметінің орталығы болған Тус қаласына бара жатқан жолда шаһид болған. Ахмад ибн Мұса Тус қаласына жер аударылған Ұлық Пайғамбардың ұрпақтарының бірі Имам Резаның інісімен жолығуға ниеттенген еді. Ахмад ибн Мұсаның жатқан жері х.қ.ж. с.б. 5 ғасырда анықталған, содан соң оның үстіне кесене салынған. Х.қ.ж.с.б. 912 жылы Шах Исмаил I - нің кезінде бұл кесенеде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. 90 жыл өткеннен кейін бір зілзаланың әсерінен кесененің жартысы қирап қалған, біраз уақыт өткеннен кейін ол қайта жөнделген. Содан кейін де әртүрлі кезеңдерде Шахчерағ кесенесі жөндеуден өткізілді. Х.ш.ж.с.б. 1337 жылы Шахчерағ кесенесінің күмбезі алынып тасталып, оның орнына қазіргі мықтырақ күмбез салынған. Иран Ислам Революциясының жеңісінен кейін Шахчерағтың ауласын жөндеп, дамытуға арналған шаралар жүзеге асырылды.
Қазіргі Шахчерағ кешені кесенемен жалғасып жатқан бір веранда, төбесі жабық галерея және көптеген бөлмелерден тұрады. Осы кешенді салуда қолданылған сәулет жобасы, айна сынықтарымен көмкеру, жазбалармен өрнектеу, алебастр жабыстыру, әртүрлі безендірулер, галерея мен кесененің күмістелген есіктері ислам өнерінің құнды үлгісі болып табылады. Хазірет Шахчерағтың інісі Сейед Әмір Мұхаммадтың (ғ.) кесенесі Шахчерағ кесенесінің шығысында орналасқан. Бұл кесене толықтай айна сынықтарымен көмкерілген. Бұл кесенедегі табыт күмістен жасалған. Қолынан өнер тамған ирандық ұсталар ол табытқа асқан шеберлікпен өрнектер салған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.