Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (КТжИУ) - Ақтау қаласында орналасқан жоғары оқу орны. Университеттің бес факультетінде төрт мыңнан астам студент 22 мамандық бойынша білім алады. Олардың үштен екісі күндізгі бөлімдерде оқиды. Мұнай-химия; инженерлік; тарих-филология; физика-математика; атом-энергетикасы факультеттері жұмыс істейді. Студенттерге Қазақстан ғылым академиясының бес толық мүшесі мен мүше-корреспонденті, 10 профессор, елуден астам ғылыми кандидат, бес жүзге жуық оқытушы дәріс береді. Университеттің бес оқу корпусы, шеберханасы, жатақханасы, оқу залдары мен екі спорт кешені бар.[1]
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Халықаралық атауы | Yessenov University |
Бұрынғы атауы | В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының жалпытехникалық факультеті В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Маңғыстау филиалы Ақтау политехникалық институты Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1976 жыл |
Түрі | Мемлекеттік университет |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Ақтау |
Мекенжайы | Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, 1 |
Кампус | қалалық |
Әкімшілік | |
Ректоры | Берік Бақытжанұлы Ахметов |
Негізгі көрсеткіштер | |
Мамандар | 22 |
Профессоры | 10 |
Оқытушылар | 350-ден аса |
Студенттер | 4000-нан аса |
Бакалавриат | 43 |
Магистратура | 18 |
Докторантура | 5 |
Сайты | www.yu.edu.kz |
өңдеу |
Тарихы
Қазақ ССР Жоғары және арнайы орта білім министрінің 1976 жылғы 5 наурыздағы бұйрығымен 1976 жылы Шевченко (қазіргі – Ақтау) қаласында В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ) жалпытехникалық факультеті ретінде университеттің ашылуы. Жалпытехникалық факультеттің алғашқы деканы болып Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев тағайындалды.
1983 жылы жалпытехникалық факультеттің деканы болып Табылдиевтің орнына Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 18 қыркүйектегі № 384 қаулысымен 1990 жылы жалпытехникалық факультет В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы ретінде қайта құрылды. Филиалдың алғашқы директоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 маусымдағы № 472 қаулысымен 1993 жылы В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы базасында Ақтау политехникалық институтының ашылды. Институттың алғашқы ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 шілдедегі № 767 қаулысымен 1995 жылы Ақтау политехникалық институтына Шаһмардан Есеновтың есімі берілді.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 573 қаулысымен 1996 жылы Ақтау политехникалық институты мен Атырау педагогикалық университеті Ақтау филиалының негізінде Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің құрылды. Университет ректоры болып Есберген Тоқшылықұлы Божанов тағайындалды.
2001 жылы Божановтың орнына университет ректоры болып Әшімжан Сүлейменұлы Ахметов тағайындалды.
2005 жылы Ахметовтың орнына университет ректоры болып Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 502 қаулысымен 2008 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті атауы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті болып өзгерді.
2013 жылы университет ректоры болып Әділбек Қожабекұлы Ботабеков тағайындалды.
Факультеттері
- Қазақстан-Неміс тұрақты ғылымдар институты
- Туризм және тілдер факультеті
- Бизнес және құқық факультеті
- Инжиниринг факультеті
- Білім беру факультеті
- Ғылым және технологиялар факультеті
- Теңіз академиясы
- Әскери кафедра
- Колледж
Қоғамдық ұйымдары
- Кәсіподақ комитеті
- «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы
- Cтуденттік парламент
Кафедралары
- «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы.
- «Информатика және жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасы.
- «Тілдік пәндер» кафедрасы.
- «Мұнай-газ ісі және геология» кафедрасы.
- «Мұнайгаз машиналарын жасау» кафедрасы.
- «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы.
- «Биология және география» кафедрасы.
- «Шет тілдері» кафедрасы
- «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы
- «Физика және математика» кафедрасы
- «Педагогика және психология» кафедрасы
- «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы
- «Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасы
- «Құрылыс» кафедрасы
- «Теңіз және жерүсті көлігі» кафедрасы
- «Экономика» кафедрасы
- «Менеджмент» кафедрасы
- «Қаржылық есеп және аудит» кафедрасы
- «Құқықтану» кафедрасы
Оқу нысандары мен жатақханалар
1. Бас ғимарат (БҒ) Алты павильоннан тұрады, ғимараттың дәрісханалары мен кабинеттерінің нөмірленуі бір әріптен және төрт белгіден тұрады: әріп – павильонның белгісі; бірінші және екінші сан – қабат нөмірі; үшінші және төртінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері. Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
2. № 2 оқу ғимараты (№ 2 ОҒ) Үш павильоннан тұрады, ғимараттың нөмірленуі үшсанды: бірінші саны – қабат нөмірі; екінші және үшінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері. Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 24 ықшам аудан, 2 үй.
3. № 3 Оқу ғимараты (№ 3 ОҒ) Жеті секциядан тұрады, ғимараттың нөмірленуі үш санды: бірінші саны – қабат нөмірі; екінші және үшінші сан – дәрісхана мен кабинеттердің нөмірлері. Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 11 ықшам аудан, 3 үй.
4. № 1 студенттер жатақханасы (№ 1 СЖ) Тұрғын-жай секциялары, оқу залы, асханасы бар төрт қабатты ғимарат. Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 3Б ықшам аудан, 10 үй.
5. № 2 студенттер жатақханасы (№ 2 СЖ) Тұрғын-жай секциялары, оқу залы бар бес қабатты ғимарат Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 27 ықшам аудан, 7 үй.
6. № 3 студенттер жатақханасы (№ 3 СЖ). Тұрғын-жай секциялары, оқу залы, спорт алаңы, асханасы бар бес қабатты ғимарат. Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
7. Спорт кешені (СК) Құрамында спорт залы (баскетбол, футбол, волейбол), жүзу бассейні, жаттығу залы, бокс залы, күрес залы, шейпинг залы бар екі қабатты ғимарат. Орналасқан жері: Ақтау қаласы, 32 ықшам аудан.
Ректорлары
- 1976-1983 - Кеңесбай Табылдыұлы Табылдиев
- 1983-2001 - Есберген Тоқшылықұлы Божанов
- 2001-2005 - Әшімхан Сүлейменұлы Ахметов
- 2005-2013 - Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Әбжаппаров
- 2013-2017 - Әділбек Қожабекұлы Ботабеков
- 2017 жылдан бастап - Берік Бақытжанұлы Ахметов
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.