From Wikipedia, the free encyclopedia
Шалғындық дала - жеткілікті ылғалда жақсы өсетін далалық өсімдіктер (шалғынға ауыспалы) түрі; топырақтың толық немесе толыққа жуық шымдануы тән. Оттылық құрамында қуаң жерлік далалық астық тұқымдастармен қатар түрлі шөптер едәуір. [1]
Шөбінің құрамында ксерофитті далалық дақылдармен бірге әр түрлі шөптер көп кездеседі. Шалғындық дала дала зонасының солтүстік шекарасына таяу өңірде, сондай-ақ жайылым ретінде пайдаланылатын көптеген тау жүйелерінің орманды-шалғынды-далалы белдеулерінде таралған.[2]
Шалғындықта көбінесе шөптесін өсімдіктер өседі. Шалғындықтан жиі құмырсқа илеуін көруге болады. Мұнда көптеген бұнақденелілер тіршілік етеді. Дала тышқаны, көртышқан, қоян және құстар да шалғындықтан қорегін мен баспанасын табады. Африкада ағаштар сирек кездесетін саванна - шалғындық болып саналады. Онда көптеген жануарлар тіршілік етеді. Саваннада жыл бойы ыстық болады. Құрғақшылық кезінде шөп құрап, дала қоңыр түске енеді. Аз маусым бойындағы жаңбырдан соң шалғындық қайтадан жасыл алқапқа айналады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.