![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5c/Microchips.jpg/640px-Microchips.jpg&w=640&q=50)
Шалаөткізгіш болометр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шалаөткізгіш болометр (гр. bole — сәуле және лат. metrei — өлшеймін) — өлшенетін сәулелену энергиясы салдарынан қыздырылатын шалаөткізгіш термосезімтал элементтің электр кедергісінің өзгеру әрекетіне негіз¬делген, электромагниттік сәулелену энергиясын анықтауға және өлшеуге арналған аспап. Шалаөткізгіш болометрдің сезімтал элементі ретінде үлкен температуралық кедергі коэффициенті бар (0,04-0,06 град-1 және одан жоғары) шалаөткізгіш материалдың өте жұқа қабаты (қалыңдығы бірнеше ондаған мкм) алынады.[1]
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5c/Microchips.jpg/640px-Microchips.jpg)