From Wikipedia, the free encyclopedia
Шабр, шапар (парсыша шапур — музыкалық түтік, керней) — музыка аспабы. Чуваштардың ертедегі діни-тұрмыстық өмірінде жеке, одан кейінгі бертінгі заманда ансамбльдерде де көп қолданылған музыка аспаптарының бірі. Ол әдетте торсық түрінде өгіздің әбден кептірілген жұқа қарнынан жасалады: оның жоғары жағында жел үрлейтін сүйек немесе темір, оған қоса қалайыдан жасалған 2 әуен шығаратын түтікшелері болады. Әуен шығаратын сол жағындағы түтікшесіне саусақпен басып ойнайтын 2 — 4 ойық (тесігі), оң жағындағы түтікшеде 3 — 4 ойық жасалады. Оң жағындағы түтікшенің төменірек балауызбен жабылған шағындау 3 — 7 ойығы болады; бұларды әуенге келтіретін кезде инемен ашып отырған. Осы әуен шығаратын қос түтікше бір мүйізден жасалған шұңғымаға жалғасып ұласады. Негізінен ерлер ойнайтын Шабр екі дауысты музыка аспабына жатады. Дыбыс қатары диатоникалық және хроматикалық болып келеді. Шабр аспабының музыка дыбыстары алдын ала тұрақты түрде (мысалы, ре, ми, фа-диез, соль; ре-диез, ми, фа-диез, соль, соль-диез, тағы басқа) белгіленіп қойылған. Қазіргі чуваш елінде Шабр аспабы жеке де, ансамбльдерде де пайдаланылады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.