Цилиндрлік проекция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Цилиндрлік проекциялар - параллельдер (альмукантараттар) параллель түзулер болып, ал меридиандар (вертикальдар) параллельдерге (альмукантараттар) перпендикуляр тең қашықтықтағы түзулер болып бейнеленетін картографиялық проекциялар. Нүктелердегі масштабтар мен бұрыштардың бұрмаланулары тек қана ендікке (зениттік кашықтыққа) байланысты, сондықтан олардың изоколдары параллельдермен сәйкес келетін түзулер түрінде болады. Цилиндрлік проекциялар, әдетте, үлкен шеңбер доғасын бойлай созылған аумақтардың карталары үшін қолданылады.[1]