Цезарь
From Wikipedia, the free encyclopedia
Цезарь, Кесарь (лат. Caesar), бастапқыда Ежелгі Римдегі патрицийлік Юлийлер әулетінің бір тармағының атауы болды. Цезарь атағын Гай Юлий Цезарь бірінші болып алды. Ежелгі Римнің императорлық кезеңіндегі билеушілер мен олардың мұрагерлері де Цезарь деп аталған. Орыстың царь (патша) сөзі өзінің негізін осы Цезарь дан алады.