From Wikipedia, the free encyclopedia
Хуго Симберг (фин. Hugo Simberg, 24 маусым 1873, Хамина — 12 шілде 1917, Эхтяри) — финдік символизмнің ірі өкілі, суретші және график. Өзінің көпжоспарлы бейнелеріен, өмір мен өлім, періште мен шайтанды бейнелейтін туындыларымен танымал. Тампердегі Иоганн Богослов жиынын витраждау мен қолтаңбасының ауторы.
Үлкен әскери жанұяда дүниеге келді. Сегіз жасқа келгенде жанұясымен Сол уақыттағы Финляндияның үлкен мәдени орталықтарының бірі Выбогргке көшіп келді. Отбасы жаз айында Фин шығанағындағы жағалауындағы Ниеменлауттуға келді. Бұл кезде танымал суретші бола бастаған Хугоь Симберг студиясын өз шығармаларында айшықты орын алған шығанақтың жағалауына орналастырды[1]. 1891 жылы выборгтік өнерсүйер суретшілер мектебіне оқуға түседі, кейін (1893-1895 жылдар аралдығында) Хельсинкидегі оның ұстаздарының бірі танымал суретші Хелена Шерфбек дәріс берген Фин көркемдік қоғамдық мектебінде білім алды [2]. Оқу орындарындағы білім беру тәсілдері ұнамағандығынан, олардың бірде-бірін аяқтамады[3].Өз бетімен білім алуды ойлаған Хуго Симберг Тампер маңындағы Руовеси атты жергілікті жердің тұрғыны, финдік ірі суретші-символист Аксели Галлен-Каллелаға келді. 1895-1897 жылдар аралығында Аксели Галлен-Каллеладан үш мәрте сабақ алды. 1895 жылы "Алладан келген суретші, және оған бәрі бас июі керек" [4]деп, Арнольд Беклиннің ықпалынан өтті. 1896 жылы Симберг Лондан мен Парижге соғып және заманауи еуропа өнерімен танысып, Еуропаға саяхатқа шықты. Оған көптен-көп Эдвард Бёрн-Джонс және прерафаэлиттер ықпал етті.[5][4]. Осыдан кейін ол екі рет Парижде 193-1904 және 1904-1910 жылдары ұзақ ауқыттар бойы жұмыс істеді.
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.