Химия саласындағы Нобель сыйлығы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Химиядан Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i kemi) — химия саласында ғылыми жетістіктерге жеткені үшін Стокгольмдегі Швед корольдық ғылым академиясымен берілетін жоғары сыйлық.
Сыйлық швед химигі Альфред Нобельдің (1896 жылы қ.б.) 1895 жылғы өсиеті бойынша химиядан, физикадан, әдебиеттен, физиология және медицинадан жоғары жетістіктерге жетуі үшін және бүкіл әлемде бебітшілікті орнату[1] бойынша берілетін негізгі бес сыйлықтын қатарына кіреді.
Химиядан алғашқы Нобель сыйлығы Якоб Вант-Гоффқа 1901 жылы берілді. Әрбір сыйлық иегері медальға, дипломға және соммасы жыл сайын өзгерілетін ақшалай сылыққа[2] ие болады. Мараппаттау рәсімі жыл сайын Швецияның астанасы Стокгольм қаласында 10 желтоқсан күні өткізіледі.[3]