Химиялық тазалау — мамандандырылған кәсіпорындарда киім-кешектердегі дақтарды кетіру мен жалпы кірден тазартудың күшті әрекетті органикалык ерітінділер қолданылатын әдісі. Мұндай ерітінділер қатарында хлорланған көмірсутектер (көпшілік жағдайда тетрахлорэтилен) пайдаланылады. Өте-мөте уытты болғандыктан, бұл ерітінділер химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін қауіпті.

Thumb
Thumb

Ерітінділердің зиянын азайту үшін жабдықтар тұмшаланғанымен, аппараттарды толтыру және жөндеу кезінде жұмыскерлердің денсаулығына нұқсан келтірмей қоймайды. Пайдаланылатын ерітінділер канцерогенді заттектер болғандықтан, химиялық тазалау кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін обыр ауруына душар болу қатері төнеді.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.