Химик
From Wikipedia, the free encyclopedia
Химик — элементтердің өзгеруі, олардың бір-біріне әсері, көптеген формулалармен және сынауықтармен жұмыс істейтін ғалым. Химик – арнайы немесе жоғары білімі бар, химияны ғылым ретінде зерттеуге дайын, сондай-ақ химикаттармен жұмыс істеудің іскерлік-дағдыларын меңгерген ғалым немесе маман.
Химик химиялық реакциялар және ядролық жарылыстар кезінде жүретін үрдістерді түсіну үшін физика мен химиядан білімнің қажетті көлемін білуі керек. Химик маман химияның түрлі салалары бойынша мамандандырылады: зерттеу заты бойынша және химияның қолданылуы бойынша. Мысалы, химик-органик көміртегінің қосылыстары мен олардың түрленулерін зеттейді.