From Wikipedia, the free encyclopedia
Хейл–Бопп кометасы (ресми түрде C/1995 O1 деп белгіленеді; ағылш. Comet Hale–Bopp) — 20 ғасырдың ең кең бақыланған және көптеген онжылдықтар бойы ең жарқын көрінген кометалардың бірі.
Алан Хейл және Томас Бопп Хейл–Бопп кометасын 23 шілде 1995 жылы ашты. Қандай да бір сенімділікпен жаңа кометалардың максималды жарықтығын болжау қиын, алайда комета 1 сәуір 1997 жылы перигелийден өтіп, –1.8 үлкендікке жеткенде Хейл-Бопптың болжамдары тура келді. Бұл кометаны рекордты 18 ай бойы жай көзбен көруге болатын, алдыңғы рекорд «1811 жылдың Ұлы кометасына» тиесілі болды. Тиісінше, Хейл-Бопп 1997 жылдың Ұлы кометасы деп аталды.
Комета тәуелсіз түрде 23 шілде 1995 жылы Алан Хейл және Томас Бопп екі бақылаушылармен ашылды. Екеуі де АҚШ-тан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.