![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5d/Seppuku.jpg/640px-Seppuku.jpg&w=640&q=50)
Харакири
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хараки́ри (жап. 腹切り) немесе сэппуку (жап. 切腹) (нағыз. «ішті жару») — салттық өзін-өзі құрсағын жарып өлтіру, Жапонияның орта ғасырлық самурай жауынгерлерінде қабылданған дәстүр.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5d/Seppuku.jpg/640px-Seppuku.jpg)
Самурайлар арасында қабылданған өзін-өзі өлтірудің бұл түрі үкім бойынша немесе еркін (егер жауынгердің абыройына тисе, ол өзінің даймёсіне адалдығының белгісі ретінде және осыған ұқсас жағдайларда) жүргізіледі. Сэппуку жасап, самурай өлімге, ауырғанға қарсы өзінің ерлігін, батырлығын көрсетіп, құдай мен адамдардың алдында ниетінің пәктігін дәлелдейді. Егер сэппуку жасайтын адам сенімсіз болса, не өте қауіпті болса, немесе дәстүрлі өзін-өзі өлтіруден бас тартса ритуалды қанжар (кусунгобу) веерге ауыстырылады да, ішті жару (сэппуку) бастан айрылу ритуалына айналатын. Айта кеткен жөн, құрсақ қуысына кіретін жарақаттану — басқа мүшелермен салыстырғанда ең қатты сезілетін жарақат. Самурайлар тегіне жататын әйелдер ішті жармай, тамақтарын кесіп жіберулеріне болатын еді.