Ханты тілі (өзд. атауы - остяк тілі) - ханты халқының тілі. Ханты тілінде сөйлеушілер Ресей Федерациясының Түмен обл-на қарасты Ямал-Ненец және Ханты-Манси ұлттық округінде, сондай-ақ Томь облысының Александровск, Каргасок аудандарында тұрады. Жалпы саны 29 мың адам (2002). Ханты тілі манси тілімен қоса финн-угор тілдерінің об-угор тобына жатады. Шашырай қоңыстанған халық болғандықтан, Ханты тілі әр түрлі жергілікті ерекшелікке бөлінеді. Батыс тобына обдар, приобск, прииртыш диалектілері, шығыс тобына сургут пен вах-васюган диалектісі жатады. Жеке диалектілер фонет., лекс., морфол. ерекшелігімен де ажыраталады.Батыс диалектілерінде үш септік жалғауы, шығыс диалектілерінде сегіз септік жалғауы бар. Әдеби тілісы екі топтың ортасындағы аралық диалектілік ерекшелігі негізінде қалыптасқан. Ханты тілінің лексикасында орыс тілінен енген сөздер басым. Фонетикасында дауысты дыбыстар көп кездеседі. Сан есімнің жекеше, көпше түрлері бар. Сөз екпіні негізінен алғашқы буынға түседі. Кенже жазулы Ханты тілінің жазуы тек Қазан төңкеріcінен кейін 1930 жылы латын әліпбиі, 1937 жылдан кириллица негізінде қалыптасқан.


Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.