Ханзада

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ханзадаханның ұлдары. Бұл термин хандық құрып отырған отбасы иесінің ұлдарына қолданылды. Ханзада сөзінің түпкі мағынасы олардың ханмен тікелей туыстық байланысын, яғни тегі (заты) хан екендігін білдіреді.

Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекеттерде Шыңғыс хан ұрпақтарынан туған ханның ұлдары ғана Ханзада деп есептелді. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін оның мұрагер төрт ұлының балалары (жалпы саны 40 — 45 шақты) мен олардан тараған ұрпақ Ханзадалар мен хандардың рубасыларын, яғни “алтын ұрық” өкілдерін құрады. Ханзадалар мемлекеттегі маңызды мәселелерді шешуге ат салысты. Соғыстарда қол бастады, бірқатары өз иеліктеріндегі елді басқарды. 14 ғасырдан бастап кейбір әулет (Жошы, Шағатай) мүшелері тарихи дерек көздерінде сұлтан деп аталына бастады. Дәстүрлі қазақ қоғамында сұлтан лауазымын иемденген адамдар төре әлеуметтік тобын құраған. Олар 20 ғасырға дейін ақсүйек, яғни “қара халыққа” билік жүргізуші әулет өкілдері ретінде саналып келді. Бірде-бір қазақ жүзіне кірмей, жоғарғы сословиелік топ құрды.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.