From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Infobox Geopolitical organizationХалықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) (Internatіonal Labour Organіzatіon, ILO) — үкіметті, кәсіпкерлер мен еңбекшілерді тең құқықтар негізінде біріктірген халықаралық ұйым. ХЕҰ еңбек қатынастарының халықар. нормаларын және олардың орындалуын бақылау рәсімдерін әзірлейді. 1919 ж. Версаль шарты бойынша Ұлттар лигасының құрамдас бөлігі ретінде құрылған. 1939 — 1945 ж. 2-дүниежүз. соғыс кезеңінде штаб-пәтері Монреальда (Канада) орналасты. 1944 ж. мамырда Филадельфияда өткен Бас конференцияда ХЕҰ-ның соғыстан кейінгі кезеңге арналған мақсаттарын айқындайтын мәлімдеме қабылданды. 1946 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы ХЕҰ мен БҰҰ арасындағы келісімді бекітіп, ұйымды өзінің мамандандырылған мекемесі ретінде таныды. Женевада (Швейцария) орналасқан. КСРО 1934 — 1940 ж. ХЕҰ-на мүше болды, 1954 ж. қайта кірді. 1969 ж. ХЕҰ-на Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. ХЕҰ-ның іргелі ұстанымы: еңбек тауар емес; сөз бостандығы мен бірігу бостандығы — тұрақты ілгерілеудің қажетті шарттары; кез келген жердегі қайыршылық — жалпы әл-ауқатқа төнген қатер. ХЕҰ-ның жарғы бойынша мақсаты: әлеум. әділеттілік, яғни нәсіліне, сеніміне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың өзінің материалдық игілігін жүзеге асыруға және еркіндік пен қадір-қасиетті сақтау, экон. тұрақтылық пен тең мүмкіндіктер жағдайында рухани дамуға құқықтары негізінде жалпыға бірдей және баянды бейбітшілікке қол жеткізу. ХЕҰ жұмыспен толық қамтамасыз етуге, тұрмыс деңгейін көтеруге, еңбек қауіпсіздігіне, еңбекшілердің денсаулығын сақтауға, адамның негізгі құқықтарының сақталуына жәрдемдеседі, экон. және әлеум. бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлер мен еңбекшілердің арасындағы ынтымақтастыққа септігін тигізеді. Осы мақсатпен ХЕҰ еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартудың халықар. саясаты мен бағдарламасын әзірлейді, еңбек қатынастарының бірлесу еркіндігі, ұйымдасу құқығын қорғау, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, еңбекпен айналысудағы кемсітушілік, еңбекақыдағы тең құқылық, жалақы кепілдігі, келімсек еңбекшілердің құқықтары, әлеум. қамсыздандырудың ең төмен нормалары, еңбек инспекциясы, аналарды қорғау, ақы төленетін демалыс, жалданбалы қызметтер сияқты салаларда халықар. стандарттарды белгілейтін конвенциялар мен ұсыныстар қабылдайды. ХЕҰ конвенциясын бекіткен мемлекет оның ережелерін іске асыруға және Халықар. еңбек бюросына (ХЕБ) оның орындалғаны туралы тұрақты есеп беріп тұруға міндеттенеді. ХЕҰ-ның басшы органдары — Халықар. еңбек конференциясы, әкімшілік кеңес, ХЕБ.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.