![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/2/25/%25D3%2598%25D1%2581%25D0%25BA%25D0%25B5%25D1%2580.jpg/640px-%25D3%2598%25D1%2581%25D0%25BA%25D0%25B5%25D1%2580.jpg&w=640&q=50)
Халиуллин көшесі (Алматы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көшеге әскери-саяси басшы Хаби Халиуллиннің есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 26.12.1962 № 453/26 шешімі) берілген. Халиуллин Хаби (1912-1942) Орал облысында дүниеге келген. Харьков түбіндегі Ясновск орманында болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан.
Көше Медеу ауданында орналасқан. Тәтібеков, Гурилев, Чаплин, Демченко, Аяз би көшелерімен қиылысады. Бұрынғы атауы - Шевченко көшесі. Көшенің ұзындығы - 1800 метр.[1]